Өмірбаяны

c745c6b20a680f842408d492eb39b3d8

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым -этнограф. «Қазақ хрестоматиясы» (1879; 2 бас., 1906) мен «Начальное руководство к обучению казахов русскому языку» (1879) оқулықтарының авторы, мысалдар мен әңгімелердің және Л. Н. Толстой, И. А. Крылов шығармаларының авторы.

Қазақы мәтіндегі жазбаларды жазуға арналған орыс графикасы негізіндегі әліпби нұсқасын жасады.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-сында (1 қараша) Николаев уезінің Арақарағай болысында туған (қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданы). Ыбырай әкесінен ерте айрылып, өз атасы – атақты Жаңбыршы Балғожа биден тәрбиеленді.

1850 жылы Балғожа би Ыбырайды Оренбургтегі шекарашылық комиссиясындағы мектеп-интернатына орналастырды. 1857 жылы мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірді, содан соң үш жыл бойы тілмаш болып өз атасы Балғожада жұмыс істеді – Оренбург комиссиясының әскери старшинасы, кыпшақтардың Ұзындық руының басқарушысы.
Кейбір уақыт Алтынсарин Оренбургтің облыстық басқармасында аудармашы болып істейді. 1860 жылы облыстық басқарма Оренбург бекінісінен (Торғай қаласы) қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға тапсырды, онда ол орыс тілі мұғалімі болып тағайындалды.
Қаңыраған қалада мектеп ашу оңайға түскен жоқ: қаражат болған жоқ, облыстық басқарма және жергілікті өкімет жәрдем көрсетпеді. Бірақта қиыншылықтар Алтынсаринді тоқтатқан жоқ. 1864 жылдың 8 қаңтарында мектептің ашылуы болды. Осылай Алтынсариннің ағартушылық қызметі басталды. Кейбір уақыт Ы. Алтынсарин Торғай уезінің басқармасында іс жүргізуші ретінде жұмыс істеді, уезд бастығының үлкен көмекшісінің  уезд сотының міндетін уақытша атқарды.
1879 жылы Алтынсарин Торғай облысының мектеп инспекторы қызметіне тағайындалды. Осы қызметте Ы. Алтынсарин өмірінің соңына дейін жұмыс істеді.
1883 жылы Алтынсарин Николай (Қостанай) уезіне көшті.
Ы. Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде қайтыс болды. Қазақ салты бойынша көп адамның жиналуымен Тобыл жағасында өз үйінен алыс емес жерде, әкесінің зиратының қасында жерленді. Қайтар алдында Алтынсаринге штаттық кеңесші атағы берілді, ол сол кездері генерал – майормен сәйкес болды.

Өзінің қатысуымен Қазақстанда мектептерді ашуы Ы. Алтынсариннің тарихқа сіңірген еңбегі. Өмірінде ол 4 екі сыныптық орталық орыс-қырғыз училищесін, 5 болыстық мектеп, 2 орыс балаларына арналған училище ашты.

Алтынсарин ашқан мектептер ол қайтқаннан кейін де жұмыс істеді, бірақ одан әрі дамымады.

Ы. Алтынсариннің мектеп тарихының жаңа беті Қазан жеңісінен кейін ашылды: олар кеңес еңбек мектептеріне жаңартылды. Осындай мектептердің бірі Ы. Алтынсариннің туған жерінде, Қостанай қаласында – 20-шы жылдары қазақ ҚСР Халық ағарту комиссариатына берілген және коммуна мектептеріне қайта ұйымдастырылды. Содан Ұлы Отан соғысының алдында тәрбиеленушілерге арналған пансионымен орта мектебіне құрылды. Оған оның негізін салушы Ы. Алтынсариннің аты берілді.
Мұғалімдерді бастауыш халық мектептеріне дайындау үшін Алтынсарин көп еңбек сіңірді. Троицк қаласында Ы. Алтынсариннің ұйытқы болуымен мұғалімдік мектеп ашылды, кейіңрек ол Оренбург қаласына ауыстырылды.
Алтынсарин тек қана зиялы халық мектептерінің ашылуымен ғана айналыспай, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және оқыту дидактикалық қағидасын әзірледі, оқу және әдістемелік құралдар жасады, жыл сайын әр мектепті аралай отырып, жиі инспекторлық бақылау өткізді, әр мектепте кітапхананың ашылуын талап етті.
3 жылға жақын Алтынсарин орыс графикасын негізге ала отырып, қазақ алфавитін жасады. Торғай облысының мектеп инспекторы қызметіне тағайындалмай тұрып, Алтынсарин орыс-қазақ мектептеріне арналған оқу құралдарын жасауды бастаған. 1879 жылы «Қырғыз хрестоматиясы» және «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудің басты басшылығы» атты 2 оқу құралы жарыққа шықты. Ы. Алтынсариннің бұл 2 кітабы жазбаша әдебиет ескерткіш ретінде және де ғылыми қағида бойынша жасалған оқу құралдары Қазақстанның мәдениет тарихында ерекше орын алады.
Ы. Алтынсариннің публицистикалық мұрасы үлкен көркемдік, тарихтық және танымдылық құндылық болып есептеледі. Қазақ ағартушының орыс жолдастарымен, ұстаздарымен және халық білімінің әр түрлі дәрежелі өкілдерімен хат жазысуы – оның негізгі бөлігін құрайды.
Және Ы. Алтынсарин ғалым-этнограф ретінде де жазған. Оның очерктерінде патриархалды-феодалдық тұрмысының керітартпалық анықтылығы және қазақтың дәстүрлері ашылады. Ы. Алтынсариннің қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық құрылымына және шаруашылық тұрмысына арналған еңбектеріне ерекше назар аударылады.