Шаяхмет, А. Таза бұлақ: пьесасы // Шаяхмет, А. Ақсұлу: пьесалар, сценарийлер / – Қостанай, 2011. – С. 151-187.
ҚМУ-нің профессоры, жазушы Ақылбек Шаяхметтің «Ақсұлу» жинағына Ыбырай Алтынсаринге арналып жазылған «Таза бұлақ» пьесасы енді.
«Таза бұлақ» – Алтынсарин әңгімесінің тақырыбы, оның аударма мағынасы «билікке құмар» қазіргі адамдардың: әкім, профессор, заңгер, ақындардың ой мен жүрек тазалығы туралы айтылған тілек сөз.
Молдағалиев, Ж. Алғашқы қоңырау : роман / Ж. Молдағалиев. – Алматы: Жалын, 1978. – 176 б.
«Алғашқы қоңырау» – ұлы ағартушы-демократ Ы. Алтынсарин жайлы қазақ прозасындағы тұңғыш роман. Ыбырайдың қазақ даласында өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тұңғыш мектеп ашуы және сол заманның тыныс – тірлігі мен ағартушылық қоғамдық қызметі бұл шығармаға негізі арқау болған.
Молдағалиев, Ж. Таза бұлақ : роман / Ж. Молдағалиев. – Алматы: Жазушы, 1984. – 344 б.
Белгілі жазушы Жайсанбек Молдағалиевтың «Таза бұлақ» романы халқымыздың сүйікті перзенті, ұлы ағартушы-демократ Ы. Алтынсариннің өмір жолына арналған. Өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, халқына білім шамшырағын жаққан, ұлы орыс елімен достықты, бауырмалдықты өмірлік мақсат еткен ұстаз адамның азаматтылық болмысы суреттелген. Ыбырай Алтынсарин басынан өткен қат- қабат оқиғалар, оның ортасы, өсу жолы берілген. Романның тілі шұрайлы, оқиғасы тартымды.
Оспанұлы, С. Ұлы ұстаз ұлағаты / С. Оспанұлы. – Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2014. – 360 б.
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Серікбай Оспанұлының өңделіп, толықтырылып, екінші рет басылып отырған бұл зерттеу еңбегінде Ыбырай Алтынсариннің өмір жолындағы көпшілікке беймәлім кейбір жайттар, шығармашылық қырлары, ізін жалғаған шәкірттері, сүйген қызы, араласқан дос – жарандары, үш жұрты – өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты, жұмбақ қазасы жайында әңгіме болады. Жинақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерге, орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, Ұлы ағартушының өмірі мен қызыметі жайында тереңірек білгісі келетін жалпы оқырмандар қауымына арналған.
Оспанұлы, С. Сөнбес шырақ / Серікбай Оспанұлы. – Қостанай: Қарлығаш баспаханасы, 2016. – 416 б.
Автордың бұл еңбегінде Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің тұлғасы, дүниетанымы, шығармашылық қырлары, ақындық ортасы, ақын шәкірттері, зерттеушілері, жанашырлары, үш жұрты – өз жұрты, қайынжұрты, нағашы жұрты, жұмбақ қазасы жайында әңгіме болады. Кітапта бұрын еш жерде жарық көрмеген архивтік материалдар бар. Жинақ жоғары оқу орындарының оқытушыларының мен студенттеріне, орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, ұлы ағартушының өмірі мен қызметі жайында тереңірек білгісі келетін жалпы оқырмандарға арналған.
Шаяхмет, А. Мөлдір бұлақ : пьеса // Шаяхмет, А. Мөлдір бұлақ = Светлый родник : пьесалар / А. Шаяхмет. – Қостанай, 2003. – Б. 64-101.
Ақынның жаңа кітабына кейінгі жылдары жазылған пьесалары еніп отыр. Сегіз көріністен тұратын «Мөлдір бұлақ» пьесасы осы заманғы өмір тауқыметі, өмірдегі қадір қасиет, белгілі жайлар суреттеледі. XXI ғасырда, жаңа ғасырда өмір сүріп жатқан жастарды таза бұлақтай мөлдір болуға шақырады. Жазушының тілі шұрайлы, ойы орамды, тақырыбы өзекті.
Қайырбеков, Ғ. Алғашқы қоңырау: «Дала қоңырауы» поэмасынан үзінді / Ғ. Қайырбеков. – Алматы: Жалын баспасы, 1982. – 20 б.
«Алғашқы қоңырау» – Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбековтың «Дала қоңырауы» атты поэмасынан үзінді. Шығармаға ұлы ағартушы, ғалым, ақын қазақ даласында білім есігін ашқан Ыбырай Алтынсарин өмірінің бір сәті арқау болған.