Алтынсарин Қазақстан мен басқа елдердің картасында

Картадағы есім: Ыбырай Алтынсарин

Педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 2021 жылы “картадағы есім”облыстық желілік акциясы іске қосылды. Акцияның мақсаты: Ы. Алтынсарин мұрасына, ұлы ағартушының есімімен аталатын тарихи орындарға қызығушылықты дамыту, азаматтық және шығармашылық белсенділікті ынталандыру.

Акцияның негізгі идеясы – Ы. Алтынсариннің есімі берілген объектілер немесе ағартушының өмірі мен қызметіне байланысты объектілер (оқу, мәдени мекемелер, ескерткіштер, мемориалдық тақталар, кесене, табиғи объектілер және т. б.) белгіленген Google-картасын жасау. Акцияның географиясы Қостанай облысымен шектелмеді, яғни нысандар Қазақстан аумағында және Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарында орналасуы мүмкін. Акцияға облыстың барлық аудандық балалар кітапханаларының қызметкерлері тартылды. Қатысушылар 25 белгі қойды, олардың ішінде: Алтынсарин мұздығы, Ы. Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасы. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, Астана қ., Ы. Алтынсарин ескерткіші, Қостанай қ., Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық-педагогикалық мұражайы, Торғай ауылы, Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Рудный қ., №3 Орынбор негізгі жалпы білім беретін мектебі (1860 ж. қырғыз-қазақ балаларына арналған мектеп), РФ және т. б.

Әрбір белгіде фотосурет материалдары және объектінің тарихы туралы мәтіндік ақпарат бар.