Педагогикалық еңбек жолы

Алтынсарин қазақ халқы үшін ағарту ісін тұңғыш қолға алған. Екі сыныпты орыс-қазақ төрт орталық училищесін, бес болыстық, бір қолөнер, бір қыздар училищесін, орыс тұрғындарының балаларына арналған екі училище ашты. Сонымен қатар Троицкіде мұғалімдер мектебін ашып, ол кейіннен Орынборға көшірілді.