Білікті маман, ұлағатты ұстаз – мектеп тірегі

Облыстық Ы Алтынсарин мемориалдық музеінің
әдіскер аға- ғылыми қызметкер
Досжанова Жанагуль Темірқызы

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин кең қазақ сахарасында мектеп ашып, ағарту саласында ұшан – теңіз еңбек сіңірді. Тұңғыш дүниетану мектебін ұйымдастырған Ыбырай Алтынсарин даланың алып қоңырауы.

Биыл Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай қала орталығындағы мемориалдық мұражай қызметкерлері көптеген маңызды іс-шаралар атқаруда. Соның бірі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан ұстаздар жайлы мұражайға деректер жинақтайды. Балаларға білім беру жолын жалғастырған, ұлы ұстаздың ізбасары Ыбырай Алтынсарин есімі берілген дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ұстазы Әлменова Бисенгүл Тұрсынбекқызы өзі жайлы мәліметтер мұражайға тапсырды. Мұғалім бейнесі – ұмытылмас тұлғалардың бірі. Балалардың ұшқыр қиялын, ойын дәл ұғып, олардың дүние танымын дамытатын осы ұстаз. Мұғалім – ұлы тұлға. Ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім нұрын, адамгершілік қасиетті оқушының бойына дарыту. Осындай сенім мен жауапкершілікті терең түсініп, өскелең өмір талабына жауап бере алатын, өз ісінің шебері ретінде танылып жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі. Оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдері мен жаңа технологияны ұтымды пайдаланып, білікті, тәжірбиелі маман әрбір сабағын сапалы жүргізеді. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше рет республика, қала, облыстық білім департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталған, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері. 2009 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әулеметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін» табыс етілді. 2010 жылы – «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі грамота және сертификатымен марапатталды. 2012 жылы – «Көп тілді жастарды тәрбиелеуде және мемлекеттік жүзеге асыруда жақсы нәтижеге қол жеткізгені үшін» облыстық тілдер басқармасынан Алғыс  хат берілді. Бейсенгүл Тұрсынбекқызының айтуы бойынша «Менің жұмыста, өмірде табысқа жетуіме ата-анам берген тәлім-тәрбие үлкен роль атқарды. Өмірде оңай жолды іздемеуге, кез-келген қиындықты еңбекпен жеңуді үйретті». Әр мұғалім өз оқушыларының жеткен жетістіктеріне қуанады, олардың есімдерін мақтанышпен айтады. Ғылыми жұмыстар мен олимпиададан жүлделі орын алған оқушылары: Досмайлова Алтын, Шунанова Әйгерім, Абдуллина Балтенге, Мереке Әйгерім, Шаймерден Инеш, Токушева Мадина, Абенова Әйгерім, Фазыл Тоғжан. Бірнеше жыл бойына «Оқушылардың шығармашылық жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін әр деңгейлік тапсырмалар» бойынша жұмыс істеді. ҰБТ-ға дайындығы жемісті де жеңісті нәтиже көрсетіп, «Алтын белгі» иегерлерін де түлеп ұшыртқан. Бейсенгүл Тұрсынбекқызының есімі «Білім берудегі үздіктер» деп аталатын халықаралық энциклопедияның «Педагогтық данқ» бөліміне енгізілді. Жоғары санатты ұстаз облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпазы, іс-тәжірбиесі басқа ұстаздарға үлгі ретінде таратылуда. Аяулы ұстаз қанатынаң астынан талай – талай түлектер ұшырды. Кәзіргі кезде олар әр түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.

Ұстаз бақыты – шәкірт алғысымен келеді десек, Бейсенгүл Тұрсынбекқызы шәкірттердің алғысына бөленіп жүрген бақытты ұстаз. Сабырлы, салмақты мінезі, бейімділігі мен байптылығы, ұйымдастыра білу қабылеттілігі бойынан анық көрінеді. Адамдықтық асыл қасиеттеріне еңбекте де, тұрмыста да кір келтірмей жүрген өнегеге толы ғұмыры жастарға, ұстаздарға үлгі – өнеге болып табылады. Жас ұрпаққа білім, тәрбие беру оңай жұмыс емес. Себебі, жас ұрпақтытың психологиясы мінез – құлқы, сезгені мен білгені, жанұяда ата – анадан алған тәрбиесі бірдей бола бермейді. Әр баланаң өзіндік ерекшелігі болады. Біз әңгімелеп отырған ұстаз еңбекқорлығымен, мол ізденісімен шәкірт көңілінен жол таба білген ұстаз.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деп, Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қай мектепте болсын негізгі тұлға – ұстаз.