Жоба туралы

Ыбырай Алтынсаринге арналған порталға қош келдіңіздер!

Жоба мақсаты — Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы барлық деректерді жинап, жүйеге келтіру.

Жоба кітапханашылар, мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар және Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттеушілер үшін пайдалы болмақ. Сайт — қолайлы әдістемелік жинақ, себебі бұл жерден әдістемелік әзірлемелерді, жадынамаларды, көрсеткіштерді, сондай-ақ жергілікті газеттерге жарияланған мақалаларды табуға болады. Деректер оқушылар мен студенттерге ғылыми жұмыс жазу үшін септігін тигізеді.

Сонымен қатар, сіздер сайт парақшаларынан Ы. Алтынсариннің 3 томдық шығарма жинақтарын таба аласыздар.