Байқау конференция

2016 жылдың 6 қазанында Ыбырай Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ы.Алтынсариннің мұрасын зерттеу бойынша оқушылардың ғылыми жұмыстарының конкурс-конференциясының қорытынды туры өтті.

Бұл байқауды Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып өткізді. Педагог, этнограф, ақын, аудармашының көп қырлылығы байқауға қатысушыларға, жазушының мұрасынан жаңа мағлұмат алуға, жаңа ой табуға, елінің, халқының мәдениетін, тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Байқауға барлығы 25 ғылыми жұмыс жобасы қабылданып, оның 10 финалға таңдалынған еді.

Ғылыми жұмыстар Ы.Алтынсариннің ұстаздық бейнесі, «Қырғыз хрестоматиясының» құрылуы мен мазмұны, педагогтың публицистикалық мұрасы сияқты түрлі тақырыптар ұсынылды. жүлделі орындарға ие болған ғылыми жобалар: «Ибрай Алтынсарин: истоки бессмертия. Литературная деятельность И. Алтынсарина» – Песчанская Ксения, Рудный қ. №17 мектептің 8 сынып оқушысы (3орын). «Ыбырай Алтынсарин әдеби шығармаларының өмірлік құңдылықтары» – Маратова Акжүніс, Рудный қ. №15 мектептің 9 сынып оқушысы (2 орын) . Арқалық қ. Ы.Алтынсарин атындағы 10 сынып оқушысы Ахметсапаева Ақерке «Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясындағы балаға ашқан танымдық әлемі» атты жұмысымен байқаудың жеңімпазы атанды. Конференцияға қатысушылар атаулы сертификаттармен және кітаптармен марапатталды.

  1. Ақылова, А. Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері: Ғылыми – зерттеу жұмысы /А. Ақылова. – Рудный, 2016. – 31 б.

  2. Ахметсапаева, А. Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясындағы» балаларға ашқан танымдық әлемі: Ғылыми – зерттеу жұмысы. – Аркалык, 2016. – 28 б.

  3. Барпулова, Д., Исмагулова, А. «Публицистико-этнографическая деятельность Ыбрая Алтынсарина»: научная работа/ Д. Барпулова, А. Исмагулова. – Жамбыл, 2016. – 26 с.

  4. Жакишева, А.Ә. «Ыбырай Алтынсарин шығармалары – тәрбиенің алтын діңгегі»: Ғылыми – зерттеу жұмысы/ А.Ә. Жакишева. – Восток ауылы, 2016. – 30 б.

  5. Жақсыбаев, Н. Ыбырай Алтынсариннің қалдырған ізі мәңгілік өшпес: Ғылыми – зерттеу жұмысы / Н. Жақсыбаев. – Пресногорьков, 2016. – 18 б.

  6. Қалиева, В. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы, педагог: Ғылыми – зерттеу жұмысы/ В. Қалиева. – Федоров, 2016. – 18 б.

  7. Куркулов, Е. Ы.Алтынсарин және «Қырғыз хрестоматиясы»: Ғылыми – зерттеу жұмысы/ Е. Куркулов. – Костанай, 2016. – 34 б.

  8. Кушубаева, С. Ибрай Алтынсарин. Путь развития образования на территории Аулиекольского района Костанайской области: науч. Работа / С. Кушубаева. – Аулиеколь, 2016. – 29 с.

  9. Маратова, А.М. Ыбырай Алтынсарин әдеби шығармаларының өмірлік құндылықтары: Ғылыми жұмыс / А.М. Маратова. – Рудный, 2016. – 29 б.

  10. Мұратбаев, Е. Т. Ыбырай Алтынсарин және «Қазақ хрестоматиясы: Ғылыми жұмыс / Е.Т. Мұратбаев. – Рудный, 2016. – 16 б.

  11. Нургалеева, Д. Значение методических идеей Ы. Алтынсарина в освоении современной школьной программы: научная работа / Д. Нургалеева. – Красный Кордон, 2016. – 33 с.

  12. Песчанская, К.В. Ибрай Алтынсарин: истоки бессмертия: научная работа / К.В. Песчанская. – Рудный, 2016. – 30 с.

  13. Сәбитбек, Ж. Ыбырай Алтынсарин – этнограф ғалым: Ғылыми жұмыс /Ж. Сәбитбек. – Аркалык, 2016. – 16 б+Презентация 19 б.

  14. Сәбитбек, М. Ыбырай халқының мақтан тұтар ардақтысы: Ғылыми жұмыс / М. Сәбитбек. – Рудный, 2016. – 24 б.

  15. Сакиева, Т. Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығының бала тәрбиесіндегі маңыздылығы: Ғылыми – зерттеу жұмысы / Т. Сакиева. – Қарабалық, 2016. – 36 б.