Видео

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаламыздың оқушыларының орындауында «Ыбырайды оқып, тыңдайық» бейнероликтер топтамасын ұсынамыз.

Ыбырайды оқып, тыңдайық: Сулейменов Амир

Ыбырайды оқып, тыңдайық: Зұлқарнай Абзал

Ыбырайды оқып, тыңдайық: Сартай Нұрислам

Ыбырайды оқып, тыңдайық: Доскеева Наргиз

Ыбырайды оқып, тыңдайық: Саитбекова Разия

Ыбырайды оқып, тыңдайық: Жадикова Дария


Ыбырай Алтынсарин 180 жыл. «Ыбырай ата кеңестері» атты суретті-комикс.

Ыбырай атамыздың біздер үшін төккен мол мұрасын насихаттау, дәріптеу мақсатында кіші жастағы оқырмандар үшін қазірдің өзінде өзектілігін жоғалпаған, мол тағылымға толы, қарапайым әңгімелерінен құрастырылған «Ыбырай ата кеңестері» атты суретті-комикс журналы шықты. «Баланың айласы» атты суретті-комикстің алғашқы әңгімесі қазіргі таңда оқырмандар арасында танымал комиксті журналдар бағытында жасалып, өз оқырмандар табады деген үміттеміз. Сондай-ақ әрі қарай бұл журналдың келесі санының шығуына оқырмандар яғни сендер өз үлестеріндіқоса аласыңдар. Ол дегеніміз ары қарай жаңа форматтағы бұлжурналды құрастыру өз қолдарыңда. Кез келген суретті жақсы салатын, не сурет салғанды ұнататындарды біздің кітапханамыздың кіші жастағылар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған бөлімде асыға күтеміз. Келіңіздер, бізде сендерді қызықтыратын қызықтар көп.


Ойла: Ыбырай Алатнсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы

“Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы” “тұлғалар жинағы” жарық көрді. Кітапқа қазақтың ұлы ұстазы мен ойшылы-ақынның өмірі мен шығармашылығын жаңаша талдайтын зерттеу мақалалары мен еңбектері енген. Сондай-ақ жинақта ұлы бабаларымыздың хаттары мен естеліктері ұсынылған. Кітап көпшілікке арналған.


Ойла: Ыбырай Алтынсарин

Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз бе? 50 сұрақ және 50 жауап. Жинаққа белгілі ғалым Ыбырай Алтынсарин туралы Қазақстан ғалымдарының жеке еңбектері және студенттер мен студенттердің сұрақтарына жауаптар енгізілген.Жинақ мектеп оқушыларына, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға және Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ұстаздық қызметіне қызығушылық танытатын жалпы оқырманға арналған. Барлық материалдар үш тілде ұсынылған